Ресейде футболшы матч кезінде қаза тапты

28 тамызда Ресейде «Балтика-М» мен «Красная Звезда» командалары арасындағы матч кезінде қақпашы Александр Шишмарев қаза болды.

Алматы, NEGE. Дәрігерлер футболшыны құтқаруға бір сағат талпынғанымен, ол көмектеспеді. Калининград футбол федерациясының басшысы Александр Гвардис қайғылы жағдай туралы айтты. Куәгердің сөзінше, жас футболшы Александр Шишмаревтың өліміне бассүйек ми жарақаты себеп болған жоқ.

«Бәріміз үшін қайғылы жағдай. Шишмарев допқа шыққан сәтте «Балтика» ойыншысымен соқтығысып, нәтижесінде сәтсіз құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша тілі тартылып, тұншығып қалған.

Бұл бассүйек ми жарақаты емес. Алаңға жедел жәрдем 15-25 минут ішінде келді», – деді ол басылымға. Гвардис қаза тапқан футболшының туыстарына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады