Ресейде Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері бұғатталды

Роскомнадзор Ресей аумағында Meta компаниясына тиесілі Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерін блокқа қойды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. «2022 жылдың 4 наурызы күні Ресей Федерациясының аумағында Facebook әлеуметтік желісін (Meta Platforms, Inc. компаниясының иелігінде) блоктау туралы шешім қабылданды», – делінген ведомство хабарламасында. Сонымен қатар Ресейде Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы тоқтатылды. Роскомнадзор қызметінің ақпараты бойынша, Twitter шектеу Ресейдің федералдық заңының «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 15.3-бабының негізінде қойылды.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін