Ресейде «дельта плюс» штамы анықталды

Ресейде коронавирустың «дельта плюс» штамының алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Дарья Даниленко айтты, – деп хабарлайды Lenta.ru басылымы.

Алматы, NEGE. «Тіркелген жалғыз дерек және сырттан келген болуы ықтимал», – деп келтірді ресейлік БАҚ Даниленконың сөзін. Оның айтуынша, бұл штамм бірлі-екілі АҚШ пен Ұлыбританияда тіркелген.

Маманның айтуынша, «дельта плюс» штамының қаупі туралы айтуға ерте және оны басқа штамдарға қарағанда қауіптірек немесе өлімге жиі әкеледі деп айтуға болмайды.

Reuters бұған дейін Үндістанның медициналық ғылымдар институты «дельта плюсты» бұрынғы штамдардан гөрі жұқпалы болды деп жариялағанын жеткізді. Ғалымдардың кейбірі мутация «дельта» нұсқасының басқа ерекшеліктерімен бірге оны одан әрі жұқпалы етіп, жиі өлімге әкелуі мүмкін деп қорқады.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр