Ресейде бір тәулікте 9035 адамнан COVID-19 анықталған

Сондай-ақ бір тәулікте 162 науқас қайтыс болып, 3994 адам вирустан айыққан.

Алматы, NEGE. Науқастардың көбі Мәскеуде тіркелгені белгілі болды.

Осылайша Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 414 878-ге жеткен. 4855 науқас қайтыс болып, 175 мыңнан аса адам айығып шыққан.

ДДҰ мәліметінше, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 5,9 миллионға жеткен, 367 мың адам қайтыс болған.