Ресейде белгісіз біреу балабақшада атыс шығарды
Ресейде белгісіз ер адам балабақшада атыс шығарды, төрт адам қаза тапты.
Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Ульянов облысында болды.
"Атыс балабақшада болды. Төрт адам қаза тапты", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Telegram 112 арнасының мәліметінше, белгісіз біреу түскі уақытта балабақшада екі бала мен тәрбиешіні өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнында қылмыстың себебі анықтап жатыр.