Ресейде балаларға берілетін төлемге өтініш берушілер көбейді
Ресейде Зейнетақы қоры бөлімшелерінде балаларға арналған төлем алуға өтініш берушілер кезегі көбейді.
"Медузаның" жазуынша, Ресейдің көптеген қалаларында ұзын-сонар кезекті байқауға болады. Олар карантин кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтап жатқан жоқ деп хабарлайды.
Алматы, NEGE. "Коммерсанттың" хабарлауынша, арнайы порталда әр минөт сайын екі мыңнан астам адам өтініш қалдырып жатыр. 20 сағат ішінде 2 миллионнан астам адам өтініш берген.
Төлемақы алып беруге көмектесемін деген алаяқтардың да көбейгенін жазады басылым.
11 мамырда Ресей президенті Владимир Путин коронавирус пандемиясына байланысты 3 жастан 15 жасқа дейін балалары бар отбасыларға 10 000 мың рубльден қаржылай көмек берілетінін мәлімдеген.
Билік есебі бойынша, 27 миллион балаға көмек беріледі.