Ресейде әскерден қашқандар 15 жылға сотталады

Ресей президенті Владимир Путин Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Жаңа заңда өз еркімен тұтқынға берілген әскерилерді 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Сондай-ақ мобилизация немесе соғыс уақытында әскерден қашқандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілген. 

Айта кетейік жаңа заңда мородерлік әрекет жасағандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондай-ақ, әскерилердің соғыс қимылдарына қатысудан бас тартқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті