Ресейде антирекорд орнады

Соңғы тәулікте елде коронавирустан 174 науқас көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл пандемия басталғалы елде қаза тапқандар саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Алматы, NEGE. Жалпы Ресейде 807 адам инфекцияның құрбанына айналған. Сондай-ақ кеше тағы 8 915 тұрғыннан індет анықталды. Ресей әлем бойынша індетті жұқтырғандар тізімінде АҚШ-пен Бразиялиядан кейінгі үшінші орында тұр. Тағы бір ақпар. Жедал штабтың мәліметіне сай, кеселден айығып шыққандар саны да рекордтық көрсеткішке жеткен. Соңғы тәулікте 12 331 адам ауруханадан шықты. Оның қатарында Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бар.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды