Ресей VS Украина: келіссөздің үшінші раунды қашан өтеді?

Украина мен Ресей делегациялары үшінші рет 7 наурызда кездесуі ықтимал.

Алматы, NEGE. Бұл туралы украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленский кеңсесінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады. Киев өз ұсынысына, Ресей тарапының жауабын күтіп отыр. Әзірге басқосудың нақты қай жерде болатыны туралы мәлімет жоқ. Алдыңғы екі жиын Беларусь аумағында өткен еді. 3 наурыздағы келіссөзде тараптар гуманитарлық дәліз құру туралы шешімге келген. Нәтижесінде Ресей бұл жаққа оқ атпауға келісіп, Мариуполь мен Волновахадағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік туып, гуманитарлық дәліз ашылды.   

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?