Ресей VS Украина: Келіссөздің екінші раунды өтіп жатыр

Белоруссияға жеткен екі тарап келіссөз үстеліне қайта жайғасты.

Алматы, NEGE. Ресей бұл келіссөзге үш ұсыныспен келгені мәлім. Бірінші, әскери-техника, екінші – гуманитарлық-халықаралық түйткіл, үшіншісі – саяси мәселелер. Ал Украина мемлекеті өзара ымыраға келіп, оқ атуды доғару, бейбіт тұрғындарды елден шығару үшін гуманитарлық дәліз ашуды ұйымдастыру мәселесін ортаға салмақ.

Бұл жолы Украина делегациясы келіссөз бөлмесіне сенімді түрде кірді. Олардың мұнда әріптестерінен кейін, яғни асықпай келуінің сыры да осында. Өздеріне сенімді. Бұдан соң екі тарап та ілтипатпен амандасып, келіссөз үстеліне отырды.   

Еске салсақ, бұған дейін екі ел арасында келіссөздің бірінші кезеңі өтті. Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Мәскеумен өткен келіссөздер әзірге нәтижесіз екенін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?