26 февраля 2022 г. 15:54
Ресей VS Украина: Әскери әлеуеттері қандай?
Ресей мен Украина арасында қиян-кескі соғыс жүріп жатыр. Екі жақтан да шығын аз емес екенін бейтарап БАҚ жазып жатыр. Келіссөз туралы айтылғанымен, Путин мен Зеленский әл-әзір бір үстел басына отыра қоймайтын сыңайлы.
Алматы, NEGE. Өйткені Путиннің талаптары тым астамшыл: «Қырымды мойында! Қаруды таста!» дейді. Ал Зеленский «Сендер – басқыншысыңдар! Мен өз елімдемін!» деп отыр. Әлемдіr державалар Ресейге санкция салудан арыға бармады. Осылайша Украина ұйқысынан ерте оянып кеткен «аюмен» бір өзі ғана бетпе-бет қалды...
Nege.kz тілшісі ашық ақпарат көздеріне сүйеніп, Ресей мен Украинаның әскери әлеуетін салыстырып көрді.