Ресей ұшағы Қара теңізге құлады

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ресейдің Су-27 әскери ұшағы Қара теңізде жоспарлы ұшу кезінде апатқа ұшыраған.

Аламты, NEGE. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Феодосиядан 50 шақырым жерде ұшақ дабыл берген көрінеді. Құтқару жұмыстарына апат болған маңға жақын жүрген  сүңгуір қайық пен азаматтық кемелер, сондай-ақ,  Ан-26, Ми-8 тікұшағы жұмылдырылған.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшқышты іздеу қиындық туғызып жатыр» делінген Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазан есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді