Ресей «Спутник V» вакцинасын жасөспірімдерге сынауды бастады

Мәскеуде «Спутник V» вакцинасын жасөспірімдерге қолдану үшін зерттеу басталды.

Алматы, NEGE. Сынаққа 100 адам қатысып жатыр. Еріктілер ПТР-тест тапсырып, медициналық тексерістен өтеді. Ресей астанасы әкімшілігінің хабарлауынша, зерттеу бір жылға созылады. Осы аралықта балалар дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Сынақ 3 кезеңнен тұрады. Үшінші кезеңге еріктілерді қабылдау күзге қарай басталады. Зерттеу нәтижесіне байланысты «Спутник V»  вакцинасын 12-17 жастағы балаларға қолдану бойынша шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?