Ресей Спутник V вакцинасын сынаудың үшінші кезеңін аяқтады

Ресей өзі өндірген Спутник V  вакцинасын сынаудың үшінші кезеңін де аяқтады.

  Алматы, NEGE.  Ресейде Спутник V вакцинасын жасы 60-тан асқан науқастар үшін сынаудың үшінші кезеңі аяқталды. Елдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурошконың мәлімдеуінше, препарат тиімділік пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсеткен.

Гамалея институтының мәліметтері негізінде вакциналау үшін жаңа нұсқаулар дайындалып, қазір зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды есеп әзірленіп жатыр. Ресейде 49 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын салдырған. Ал қос дозаны 40 миллион адам алған.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды