Ресей Сирия қалаларын бомбалауды жалғастыруда
Ресейдің әскери әуе күштері Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб қаласын бомбалаған. Бұл қала «Евфрат қалқаны» операциясы аясында лаңкестерден тазартылған қала саналады. Бұл туралы түріктің Anadolu агенттігі хабарлады.
Алматы, NEGE. Сирия оппозициясындағы дереккөздерге сілтеме жасаған түрік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Хмеймим» әуе базасынан ұшып шыққан ресейлік ұшақтар жексенбіге қараған түні Эль-Баб қаласының үш ауданын бомбалаған. Авиабомбалар екі бірдей мешіттің жанында жарылғаны туралы дерек бар. Кемінде бір адам жараланған.
Бұл оқиғаның алдында ғана Эль-Баб қаласының маңында Сирияныфң оппозициялық әскери күштері мен Башар Асадтың үкіметтік әскерінің арасында қарулы қақтығыс болған.
Түркия Сириямен шекаралас аудандарына әскекри техниканы шоғырландыра бастады. Сирияның Идлиб қаласына жақын маңға сауытты ауыр техника мен танктердің кезекті легі келгені туралы дерек бар. Тағы бір мәлімет бойынша, түріктің қарулы күштері Сирия аумағына кіріп те үлгерген.