Ресей шетелдіктерді кіргізбейді

Ресей Федерациясы коронавирусқа байланысты шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге шектеу қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин ТМД елдерінің премьерлерімен коронавирусқа байланысты жағдайды талқылаған. 

"Михаил Мишустин үкімет басшыларын мемлекет пен тұрғындар денсаулығын қамтамасыз ету үшін және коронавирустың тарамауы үшін 18 наурыз сағат 00:00-ден 1 мамырға дейін шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге шектеу қойылатынын ескертті", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, РИА Новости мәліметінше, Ресейде 93 адам коронавирус жұқтырған. Оның 86-сы жұқпалы, қалғаны вирусты жұқтырған адамдармен байланысқа түскен адамдар. 

Қазір оқып жатыр

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

Шілдеден бастап Қазақстанда несие алу қиындай түседі

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген: Алматыда «ЦОН» қызметкерлері сотталды