Ресей сарапшысы: Коронавирус жұқтырғандар қашан азаятынын айтты

Роспотребнадзор Эпидемиология Орталық ҒЗИ директорының орынбасары Наталья Пшеничная алдағы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны азаюы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, көктемнің соңына қарай коронавирус инфекциясымен ауыру деңгейі наурызда байқалып отырған статистикамен салыстырғанда азаюы мүмкін. Ол үшін адамдар барлық ережелерді сақтап, коронавирусқа қарсы екпе салдыртуы тиіс. «Қазіргі кезде босаңсымай, қорғаныс шараларын сақтау, вакциналау қарқынын өсіру маңызды. Мұндай жағдайда көктемнің соңында біз ауруға шалдығу деңгейінің наурыздағы қазіргі көрсеткіштермен салыстырғанда одан да төмендеуін көруіміз әбден мүмкін», - деді ол. Пшеничная Ресейде қазіргі кезде жағдай тұрақталғанын атап өтті. Оның сөзінше, COVID-19 жұқтырудың күн сайын анықталған оқиғаларының саны соңғы екі аптада тәулігіне 11 мыңнан аспайды. Маманның айтуынша, бұған кеңес етілген алдын алу шараларын сақтау, вакциналау науқаны, сондай-ақ тұрғындардың бір бөлігінде коронавирусқа қарсы иммунитеттің қалыптасқаны септігін тигізіп отыр. Алайда ол көктемде жылымық, батпақ, жаңбыр және ылғалды ауа райының әсерінен ауруға шалдығудың тәуліктік ауытқуы байқалуы мүмкін екенін қосып өтті. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті