Ресей ресми Анкараны түрік тілінде ақылға шақырды

Ресейдің Түркиядағы елшілігі өзінің Twitter  парақшасында «Түрік мемлекеті АҚШ-тың одақтасы ма, жоқ па?» деген мәселені анықтауға шақыратын хабарлама жариялады.

Алматы, NEGE. Парақшада екі сурет берілген. Олардың біріншісінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мен оның Сириядағы Идлибтегі түрік сарбаздарының өліміне қатысты айтқан «Біз бұл шабуылда жауынгерін жоғалтқан НАТО одақтасы Түркияның жағындамыз» деген дәйексөзі келтірілген.

Келесі суретте Anadolu агенттігі берген Анкара террористік ұйым санайтын Сирия күрдтеріне (YPG) Пентагонның көрсеткен әскери көмегінің инфографикасы көрсетілген.

Ресейдің дипломатиялық миссиясы Twitter парақшасындағы бұл мәлімдемеге «Біз шешім қабылдау құқығын өздеріңізге қалдырамыз» деп түрік тілінде ескертпе жазу қалдырған.

12 ақпанда Anadolu агенттігі АҚШ-тың әскери департаменті 2021 жылға YPG содырлары өздерін қаруландыру үшін 200 миллион доллар сұраған бюджеттік өтінішке сай жоспарын жария еткені туралы мәлімет берген.

Агенттіктің хабарлауынша, «келешекте АҚШ-тың әскери нұсқаушылары үш аймақта күрд жауынгерлерінің он мыңдық тобын жаттықтыратын болады. Америка сонымен қатар YPG-ны 1,3 мыңнан астам атыс қаруымен, 121 автокөлікпен, 575 бронды техникамен және 3 миллионға жуық оқ-дәрімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр» делінген.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды