Ресей президенті вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Алматы, NEGE.  Қазір жағдайы жақсы. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Алайда президенттің елдегі үш вакцинаның қайсысын қолданғаны нақтыланған жоқ. Екпені салдыру сәті неге көрсетілмеді деген сауалға Песков мемлекет басшысы шараны жария өтуді ұнатпайды деп жауап берді. Айта кетейік, Ресей президенті былтыр желтоқсанның 17-сі күні коронавирусқа қарсы міндетті түрде егілетінін айтқан еді. Және бұл істе дәрігерлердің кеңесіне жүгінетінін жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты