Ресей оппозиционерлерді «мемлекетке сатқындық» жасағандарға жатқызып, өмір бойы түрмеге жаппақ

Ресейде «мемлекетке сатқындық жасағандар» бұдан бұлай өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Таяуда осындай заң жобасы Мемлекеттік Думаның талқысына салынбақ. Бұл туралы «Нейтральная зона» телеграм арнасы хабарлады.

Алматы. NEGE. «Мемлекетке сатқындық жасаушыларға мейлінше қатаң жаза қолданылуы тиіс. Өмір бойы қамауға алынуы немесе азаматтығынан айыру керек. Өздерін либеральды оппозиция деп атайтын барып тұрған сатқындардың қаптауына еркіндік беріп қойғанымыз жетер», - деп мәлімдеді комитет басшысының орынбасары Андрей Луговой.

Ол кеңес дәуірінде «сатқындар ату жазасына кесілетінін» еске салып өтті.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті