Ресей мен Қытай Айды бірлесе зерттеу туралы келісімге қол қойды

Ресей мен Қытай арасында ғылыми Ай станциясын құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлады Роскосмос басшысы Юрий Борисов.

Алматы, NEGE. "Біз қытайлық серіктестерімізбен тығыз байланыста бола отырып, болашақ Ай базасы құрылысының келесі кезеңіне көшеміз. Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы тиісті меморандумға қол қойылып, жақында ғана Қытай тарапымен осы салада бірлескен жұмыс туралы келісімге келдік", - деді Борисов. 

2021 жылдың наурыз айында Ресей мен Қытай Халықаралық ғылыми ай станциясын құру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті