Ресей көмірін импорттауға салынған тыйым күшіне енді

Еуропалық Одақта бүгіннен бастап Ресей көмірін импорттауға салынған тыйым күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Шешім сәуір айында санкциялардың бесінші пакеті бойынша қабылданған. Көмірден бөлек Ресейден өзге де қатты  отын түрлерін сатып алуға шектеу енгізіледі. Ресми дерекке қарағанда санкцияға дейін Ресей шетелге 8 миллиард еуроға көмір сатып келген.

Оның 22 пайызға жуығы Еуроодаққа жеткізілген. Енді кей еуропалық елдер эмбаргоға байланысты қыс айында үйлерді жылытуда қиындық туындауы мүмкін деп отыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті