Ресей Қырғызстанға 150 млн рубль тұратын гуманитарлық көмек жіберді

26 шілдеде Қырғызстан Ресейдің қайтарымсыз гуманитарлық көмегін алды.

Алматы, NEGE. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жүк коронавирус пандемиясын еңсеруге көмек ретінде берілді. Онда бес рентгенография аппараты, 70 оксометр, 31 жасанды тыныс алу аппараты, дәрі-дәрмек және медициналық маска бар.

Министрліктің хабарлауынша, аппараттармен жұмыс істеуді және дәрі-дәрмекті қабылдау хаттамаларын Ресей дәрігерлері үйретеді. Олар Ресейдің бірнеше аймағында жұмыс істеп жүр.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді