Ресей Қиыр Шығыстағы шекарасын жауып тастады

РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Қиыр Шығыстағы Қытаймен шекараны жауып тастау туралы бұйрық берді.

Алматы, NEGE. Тиісті қаулыға қол қойлығаны туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Бұл шешім Қытайдағы коронавирус індетінің кең тарап бара жатқанымен тікелей байланысты.

Бұған дейін Ресей билігі 31-қаңтардан бастап Қытаймен теміржол және автокөлік байланысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған еді. Белгісіз жаңа вирустың таралуынан қауіптеніп билік Приморье жоғарғы оқу орындарында оқитын қытай студенттерінің демалысын 1-наурызға дейін созған.

Коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асып кетті, соңғы дерек бойныша 170 адам өлген.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті