Ресей кемесі суға батып кетті

Ресейдің балық аулайтын траулері Эстония жағалауына жақын жерде суға батып кеткен. Экипаждың жеті мүшесі құтқарылған. Бұл туралы Финляндияның Ilta-Sanomat газеті хабарлады.

Алматы, NEGE. Құтқару жұмыстарына оқиға орнына жақын жердегі Эстония мен Финляндияның  кемелері қатысқан. Екі жақтан да тікұшақтар тартылған. Экипаждың бес мүшесі Таллинге жеткізілсе, жарақат алған теңізшілер Хельсинкидегі ауруханаға жөнелтілген. Олардың барлығы Ресей азаматтары, делінген хабарламада.

Эстонияның шекара күзеті басқармасының дерегінше, кеменің басқару жүйесі істен шыққан. Осыдан кейін траулер электр қуатын жоғалтып, бірер минуттың ішінде суға батып кеткен.

 

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады