Ресей Қазақстанға вирусолог мамандарын жібереді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Алматы, NEGE. Тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

«CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді