27 июля 2022 г. 14:31
Ресей Қазақстанға маймыл шешегін анықтайтын тест жіберді
Ресей маймыл шешегін анықтауға арналған тест-жүйелерін Қазақстанға тапсырды.
Алматы. NEGE. "Ресейлік тест-жүйелер Армения, Қазақстан, Өзбекстан мен Түрікменстанға жеткізіледі.
Оларды «Вектор» мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығы шығарды.
«Осы уақытқа дейін Қазақстанда маймыл шешегіне күдік тудырған ауру жағдайлары тіркелмеген. Африка елдерінен және осы инфекцияның импорттық жағдайлары тіркелген басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады», - деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.