Ресей «қартайып» барады
Ресей халқының тең жартысына жуығы, дәлірек айтқанда, 47 пайызы 2060 жылға қарай зейнетке шығады. Бұл туралы Credit Suisse экономистерінің баяндамасына сілтеме жасап «Ведомости» газеті хабарлады.
Алматы, NEGE. Бұған себеп, 2020 жылы 65 жастан асқан адамдар халықтың төрттен бір бөлігін құрайтыны нақтыланған. Сондай-ақ, 2020 жылы ер адам зейнетке шыққаннан кейін орташа есеппен 13,3 жыл өмір сүреді деп болжанған. Ал 2060 жылы бұл көрсеткіш 17,4 жылға дейін өсетін көрінеді.
Сарапшылар бүкіл әлемдегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы артып келе жатыр деп есептейді. Мәселен 1950 жылы орташа жас – 47 болса, 2019 жылы – 72. Оның үстіне қазір биологиялық жас хронологиялық кезеңге бағына бермейтін көрінеді. Бүгін Швейцарияның 65 жастағы тұрғыны өзін 1950 жылы 51 жаста болған адамдай сезінеді екен.
Сондықтан есеп авторлары зейнетақы жүйесін неғұрлым тұрақты ету үшін бірнеше нұсқаны атаған. Олардың пікірінше, халықты зейнетақыны үнемдеуге шақыру керек. Сондай-ақ, салықты көп төлеу арқылы зейнетақы жинағын көбейтудің жолдарын қарастырған тиімді.