Ресей Қара теңізде «Кинжалды» сынады
Ресей қорғаныс министрлігі Солтүстік және Қара теңіз флоттарының бірлескен жаттығуларынан видео жариялады. Одан гипердыбыстық «Кинжал» зымыранының ұшырылу сәтін байқауға болады.
Алматы, NEGE. Алғашқыда зымыранды МиГ-31К ұшағы ұшырады. Одан кейін бірнеше зымыран әскери кемелерден көкке көтеріледі. 9 қаңтар күні өткен жаттығуа 50-ден астам кеме мен 40 ұшақ қатысқан. Мұны «Маршал Устинов» зымыран крейсерінің бортынан президент Владимир Путиннің өзі бақылады. Қорғаныс министрлігі мен Әскери-теңіз күштері қолбасшыларымен кездесуінде Ресей президенті теңіз күштері ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып қала беретінін айтқан
«Кинжал» гипердыбыстық зымыраны 2 мың шақырымға дейінгі нысандарды атып түсіруге қабілетті.