Ресей елшілігіндегі жарылысты ДАИШ ұйымы өз мойнына алды

Ауғанстан астанасындағы Ресей елшілігінің маңында болған шабуылды «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өз мойнына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Таңертең дипломатиялық өкілдіктің консулдық бөлімі ғимаратының жанында содыр жарылғыш затты іске қосқан. Елшіліктің екі қызметкері мен бірнеше Ауғанстан азаматы қаза тапты. Кабул полициясының баспасөз орталығының басшысы Халид Задран төрт Талибан содырының қаза тапқанын айтты.

Al Arabiya телеарнасы зардап шеккен он адам туралы хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті