Ресей екі аптадан кейін COVID-19 вакцинасын шығарады

CNN басылымына берген сұхбатында Ресей ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Кирилл Дмитриев вакцина 10 тамызда дайын болады деп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Америкалықтар ғарыштан спутниктің дауысын естігенде таңғалған еді. Вакцинамен де солай болады, оған алдымен Ресей жетеді», - деді Дмитриев.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпараттар әлі берілген жоқ. Қазіргі уақытта тестілеудің екінші кезеңінің аяқталғаны туралы мәлімет бар. Вакцинаны Н.Ф. Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы жасаған.

Бірақ тестілеудің үшінші кезеңінсіз вакцинаны ресми түрде тіркеу үлкен алаңдаушылық туғызады. Сыншылар Ресейде вакцина жасаушыларға Кремль тарапынан қатты қысым болып жатқанын мәлім етті. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді