Ресей COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша бесінші орынға шықты

Ресей дүние жүзі елдері арасында коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бесінші орынға шықты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Алматы, NEGE. 7 мамырдағы мәлімет бойынша, Ресейде барлығы 177 260 науқас анықталған. Осылайша Ресей Германияны (168 мың адам), Францияны (174 мың адам) басып озған. Бірінші орында АҚШ (1,2 миллион адам), Испания (220,3 мың адам), Италия (214,4 мың адам) және Ұлыбритания (202,3 мың адам). 

Ресесй бойынша, алдыңғы тәулікте тағы 11 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, 2476 адам аурудан айығып, 88 адам қайтыс болған. Аурудан айығып шыққандарың жалпы саны - 23 803 адам, ел бойынша 1625 адам қайтыс болған.  

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 7 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 3,7 миллионнан асқан. 

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды