Ресей банкі: Жыл соңында экономика тұрақтанады
Ресейдің экономикасы жылдың соңына қарай тұрақтанады. Көрші елдің реттеуші органы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business
.
Алматы, NEGE. Ақша-несие саясатына шолу жасаған Ресей банкінің жетекшісі 2, 3-тоқсандарда құрылымдық трансформация кезеңі басталатынын айтқан.
Қазір теріскейдегі көршіміз үшін баға тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты мәселе. Экономиканы одан әрі дамыту жолында тәуекел көп. Десе де, орта мерзімді жоспар бойынша бюджет ережесі механизмінің негізгі принциптері өзгермейді.