Ресей «Ашық аспан» келісімінен НЕГЕ шықпақ?

Ресей «Ашық аспан» келісімінен шығудың ішкі процедураларын қолға алды.

Алматы, NEGE. РФ Сыртқы істер министрлігі бұл процедураның басталғанын хабарлады.

Жаңа шарттар бойынша шарттың жалғасуы үшін кедергілерді жою бойынша ілгеріледің болмауына байланысты РФ Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының ААК-дан шығудың ішкі процедуралары басталғанын жариялайды. Процесс аяқталғаннан кейін депозитарийлерге хабарлама жіберіледі, – деп хабарлайды РИА Новости сайтында.

Ашық аспан туралы келісім (ААК) - бұл қол қойған елдердің әуе кеңістігінде қарусыз барлау әуе аппаратының емін-еркін ұшуына мүмкіндік беретін көпжақты халықаралық шарт.

Келісімге 1992 жылы қол қойылды және ол Еуропадағы қырғи-қабақ соғысынан кейін сенімді нығайту шараларының бірі болды. ААК-ға 35 мемлекет мүше болып табылады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты