Ресей Алексей Навальныйға шүйлікті

Ресейдің Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алып, оның Новосибирск пен Томскіге іссапарының жай-жапсарын білмек.

Алматы, NEGE. Қадағалаушы орган көлік полициясымен бірге Германия Әділет министрлігіне осындай өтініш жіберген.

Тергеушілер ресейліктің улануы туралы нұсқаны тексеріп, оның денсаулығы туралы тікелей білуге ​​ниетті екені хабарланған.

Бас прокуратураның қызметкерлері Навальныйдың іссапарын кім жоспарлағанын және Мәскеуден шыққаннан бастап Омбыдағы ауруханаға дейін қасында кім болғанын сұрамақ. Сондай-ақ, ведомство Томскіде ол қонақүйдегі нөмірін неге ауыстырғанын да білмек.

Сонымен қатар, неміс мамандарынан анализдер мен токсикологиялық зерттеулердің нәтижелері сұралған.

Навальныйдан жауап Германияда алынбақ. Германия Әділет министрлігі құжатты қабылдап, оны зерттеп жатқаны атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды