Ресей АҚШ әскерлерінің басына ақша тіккен бе?

New York Times басылымы

құпия дереккөздерге сүйене отырып, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарды өлтіргендерге Ресей сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады.

Aлматы. NEGE. "Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп болса, «бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін» деп отыр.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі мұны жауапсыз қалдырған жоқ. Кремльдің тәлібтермен "астыртын сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар-жоғына қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған. "Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл – бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді ол.

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды