Ресей Айды бағындырмақ

Ресейде Айды зерттеу бағдарламасы қайта жаңғырмақ. Бұл туралы  Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE.  Айтуынша, биыл ғарышаралық "Луна-25" станциясы іске қосылады. Роскосмос мәліметіне сәйкес, оны тамызда Айға ұшыру жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама 46 жыл бұрын тоқтаған еді. Негізі мамандар "Луна-25" аппаратын былтыр қазанда ұшырмақ болған. Бірақ ақауға байланысты бұл шешім кейінге қалды. Енді аппарат Айды жан-жақты зерттеумен айналысады.