Ресей Африка елдеріне астық сатпақшы

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров іс-сапармен Египетке барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Каир қаласында ол ел президенті Абдул-Фаттах Ас-Сисимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар мәселелерді талқылады. Лавров шілденің 28-іне дейін Эфиопия, Уганда мен Конго Демократиялық Респуликасына да барады. Ресей билігі осы елдердің нарығына кіріп, арадағы алыс-беріс пен барыс-келісті арттыруды жоспарлайды. Аймаққа астық пен энергия экспорттауға ниетті. Қазірдің өзінде Ресей Мысырдағы бірінші "Эль-Дабаа" атом электр станциясының құрылысын бастап кетті. Жоба Египет тұрғындарының 10 процентін электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Аталған төрт елдің халық саны 270 млн-ды құрайды. Бұл Ресей үшін үлкен нарық болып есептеледі дейді сарапшылар.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті