Рембрандт туындысы 18 млн долларға сатылды
Аты әлемге танылған Нидерланд суретшісі Рембрандт Харменс Ван Рейннің портреті Лондон қаласында өткен бәссаудада 18 млн 700 мың долларға сатылды.
Алматы, NEGE. Бастапқыда картина 15-20 млн долларға бағаланған болатын. Картинаға 6 минут бойы 6 коллекционер таласты. Айта кетейік, қылқалам шебері бұл туындыны 1632 жылы өзінің 26 жасында салған еді.