Ректордан пара алғаны үшін айыппұл арқалады

ҚР Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) «Ғылым қоры» АҚ басқармасының экс-төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазинге академик Е.А.Бөкетаев атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорынан пара алғаны үшін Т57 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмыс күдігі бойынша ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Ж.Сұлтанғазинге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. (…) 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанның Алматы аудандық №2 аудандық сотының үкімімен айыпты деп танылып, Т57 млн көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Аталмыш азамат өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», – делінген бейсенбіде таратылған хабарда. 

Агенттікте атап өткендей, Сұлтанғазин ҚР білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастыру үшін Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т.Едрісовтан $5 мың көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Еске салсақ, 4 шілдеде «Білім қоры» АҚ басқармасының төрағасы ЖОО-лардың бірінің ректорынан жалпы қолдау көрсеткені үшін $5 мың көлемінде пара алды деп күдіктелген еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте атап өткендей, күдіктінің кінәсін толық мойындауына және тергеуге көмек көрсеткені үшін ол әлі ұсталған жоқ, тергеу жүргізілуде.

Әнуарбек Сұлтанғазин ҚР білім және ғылым министрлігі (БҒМ) «Ғылым қоры» АҚ басқармасының төрағасы болып 2016 жылдың қыркүйегінде тағайындалған еді.

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды