Рекорд: Ауа температурасы 47 градустан асты

Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия автономды қоғамдастығында жаңа температура рекорды тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік метеорологиялық агенттіктің аймақтық басқармасы жексенбіде Twitter-де.

Алматы, NEGE. «Сенбіде Монторо муниципалитетіндегі ең жоғары температура: 47,2 градус», - делінген онда.

Алдыңғы рекорд 2017 жылдың шілдесінде Кордобада (Андалусия автономды қоғамдастығы) тіркелген болатын, онда термометр бағаны 46,9 градусқа жеткен еді.

11 тамыздан Испанияның барлық дерлік аумағында аптап ыстық басталды.

Салдарынан Мемлекеттік метеорологиялық агенттік кейбір провинциялардағы ауа райының қауіптілік деңгейін ең жоғары деңгей – «қызылға» көтерді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды