Рекорд: 0,5 миллиард адам коронавирус жұқтырды
Бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 524 млн 49 мың 571 адамға жетті. Бұл деректі Америкадағы Джонс Хопкинс зерттеу университеті жариялады, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Алматы, NEGE. ВАК хабарламасында көрсетілгеніндей, вирус тарала бастағаннан бері әлемде COVID-19 инфекциясынан 6 млн 273 мың 518 адам қайтыс болған. Инфекция жұқтырғандар саны 20 миллионнан асатын елдер бар. Олардың қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді.