9 июня 2025 г. 15:30

Рекорд жаңартқан ата. Назарбаев НЕГЕ ресми миллиардер атануы мүмкін?

Фото: Фото: Nege.kz

Нұрсұлтан Назарбаев иелік ететін Ресейдегі Азия-Тынық мұхиті банкі әр жыл сайын өз табысын екі еселеуде. 2025 жылдың 1 тоқсанында банк 3,8 миллиард рубль таза кіріс алды. Бұл 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда екі есеге көп

Былтыр Назарбаев банктен 14 миллиард рубль кіріс алып, осы банкті аукционда сатып алуға жұмсаған барлық шығынын қайтарып алған болатын. Оған қоса кемінде 8 миллиард рубльге плюске шыққаны бар. Ал биыл Nege.kz есебі бойынша АТБ банкінің жылдық табысы 30 миллиард рубльге жетуі мүмкін. Бұл 186 миллиард теңге.

Фото: Азия-Тынық мұхиті банкі 2025 жылдың 1 тоқсанындағы есебі

2025 жылдың аяғынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевты Форбстың ең бай 75 кәсіпкерінің тізіміне қосуға болады. Бұл журналдың НЕГЕ Назарбаевқа көңіл бөлмей жүргені түсінісіз.

Себебі, АТБ банкінде үлестірілмеген кіріс көлемі 237 миллиард рубль, яғни 167 миллиард теңгеге жетіп отыр. Ал банктің таза капиталы 40 миллиард рубль немесе 248 миллиард теңге.

Фото: Nege.kz

Назарбаевтың тек бір банкте жатқан дәулеті 415 миллиард теңге және оны кәсіпкерлік табыс деп есептесек, долларға шаққанда 800 миллион сомамен ол Форбстың кәсіпкерлер рейтингінде Александр Клебановтан кейін 14-ші орынды иеленіп отырар еді. Ал Эдуард Огай 15-ші сатыға төмендейтін еді.

Таяуда өткен Путинмен кездесуінде Назарбаев банктің болашағына қатысты біраз мәселені шеше алды. Оның ішінде басты сұрақ – акционерлер транзиті болған. Болашақта Нұрсұлтан Әбішұлы Азия-Тынық мұхит банкіндегі басты акционер тізімінен кетіп, өз орнын жақын туысына босатуы мүмкін.

Ең басты фаворит Тауман Нұрсұлтанұлы болып отыр дейді, Nege.kz дереккөзі. Бірақ транзитті қауіпсіз өткізу үшін Назарбаевқа Ресей банк жүйесінен батыс санкцияларының толық шешілгені керек.

Jusan банкінде болған оқиғадан кейін Назарбаев өзінің маңындағы қаржыгерлерге мүлде сенуден қалды. Сондықтан ол Путинді гарант ретінде пайдаланатыны сөзсіз.

Бірақ оның өтемі ретінде Әбішұлы Путинге не деп уәде берді? Бұл жағы бәрімізге жұмбақ болып отыр.