Реимов тағы ұсталды

«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов қайтадан қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қ.Реимовтің кеше ғана адвокаттарымен бірге баспасөз мәслихатын өткізіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрағанын жазғанбыз.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қайрат Реимовті 25 миллион 250 мың теңге кепілқұнмен босату туралы шешім өзгертілді. Қайрат Реимов қайтадан қамауға алынды және ол екі ай қамауда болады» делінген сот таратқан хабарламада.

Қ.Реимов баспасөз мәслихатында: «Мені қамау себебін Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың қабылдауына жазылғанымнан деп білемін. Полициядағы әлдекімдер менің министрмен кездескенімді қаламайды» деген.

Реимов ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша (Аса ірі көлемде алаяқтық жасау) істі болған.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты