Регбиден Азия чемпионатында Қазақстан Филиппинді ірі есеппен ұтты

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында регбиден әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстан әйелдер командасы топтағы екінші ойында ірі есеппен жеңіске жетті. Қазақстандықтар Филиппин командасымен кездесіп, 48:0 есебімен қарсыласты тізе бүктірді. 

Айта кетелік, алғашқы матчта Қазақстан Жапонияға 7:19 есебімен жол берген болатын. 

А тобында Қазақстан, Жапония, Филиппин және Таиланд командалары сынға түсуде.