Реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады – Президент

Төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты.

Астана. NEGE. Бұл туралы «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында тілші төңкерісшілер билікке неге қарсы шыққанын сұрады.

«Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.