Референдумда дауыс беру үшін өз учаскеңізді қалай табуға болады?

Өз учаскеңізді «ЖСН бойынша дауыс беру үшін учаскені іздеу» сервисі арқылы таба аласыз. Бұл сервис төмендегі үш ақпараттық ресурс арқылы жұмыс істейді:

https://www.gov.kz/referendum;

https://referendum.gov.kz/;

https://referendum2022.gov.kz/

Қазақстан азаматы ЖСН арқылы референдумның өз учаскесін таба алады. Учаске болмаған жағдайда автоматты түрде әкімдіктердің call-орталықтарының тізімдері көрсетіледі.

Есептен шығару куәлігі арқылы дауыс беру үшін не істеу керек?

Азамат өзінің жүрген жерін ауыстырған жағдайда, ол биылғы жылдың 20 мамырынан бастап 4 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін учаскелік комиссияға өтініш негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы.

Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде алуға жол беріледі. Бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру міндетті емес.

Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік комиссия дауыс беру күні азаматты оның келген жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?