Референдумда оң шешім қабылданса, АЭС-ті қай мемлекет салады?

Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент, алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.

Одан кейін президент «Референдум қорытындысы бойынша халқымыз АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді?» деген сұраққа жауап берді.

Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Қалғанын уақыт көрсетеді, – деді мемлекет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр