Референдум: Қызылорда облысы көш бастап тұр

Елімізде референдумға қатысудан Қызылорда облысы көш бастап тұр.

Алматы, NEGE. Бүгін елімізде өтіп жатқан Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға қызылордалықтар белсенді қатысып жатыр.

Астана уақытымен 16.00-ге дейін мәлімет бойынша Сыр жұртшылығының 72,26 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Осы көрсеткішпен Қызылорда елімізде көш бастап тұр.

Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша деректер төмендегіше: Арал – 80,15 % Қазалы – 79,44% Қармақшы -78,82% Жалағаш -80,09% Сырдария -80,45% Шиелі -78,91% Жаңақорған – 79,62% Қызылорда – 60,84%.

Айта кетейік, аймақта 373 дауыс беру учаскесі бар. Онда 462685 дауыс беруші тіркелген.