Референдум кезінде онлайн дауыс беруге бола ма?

Референдум кезінде онлайн дауыс беру тетігі қарастырылмаған. Бірақ бұл мәселе бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасамақ.

Алматы, NEGE. «Референдум 2-3 жыл бұрын жоспарланған жоқ. Референдумды цифрлық түрде өткізу үшін технология жалпы дайын. Нақтыласам, жарты немесе 1 жыл уақыт берсе, дайындауға болады. Бірақ заңдылығын, ақпараттың қауіпсіздігін де ескеруіміз керек. Дауыс беру қалай өтті? «Базада өзі отыр ма, басқа біреу дауыс берді ме?» деген сұрақтар туындайды. Келешекте қолға алу үшін Орталық сайлау комиссиясына біз ұсыныс жасаймыз, бірге талқылаймыз», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақтөбеліктермен кездесуінде.

Айта кетейік, Қазақстанда келісім базасы жасалды. Енді соның арқасында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің операторларына клиенттің жеке деректері смс-код арқылы растау жіберілгеннен кейін ғана қолжетімді болады. Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін микроқаржы ұйымдары биометрияны қолдануға мәжбүрленбек.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?